Екі жасар гимнасшы Арат Хоссейнидің ғажайып трюктері (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда тұратын небәрі екі жастағы Арат Хоссейни тіпті үлкендердің қолынан келмейтін акробатикалық трюктер жасауымен Instagram-ның жаңа жұлдызына айналды.
Оның осындай ғажайып дарынын ата-анасы сәбидің тоғыз айлық кезінде байқаған. Содан бері Арат өзінің қарым-қабілетін үнемі жетілдірумен келеді, деп хабарлайды billionnews.ru.