Екі жасар қызын өлтірген Теміртау тұрғыны 20 жылға сотталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Екі жасар бүлдіршіннің өліміне қатысты атышулы істің үкімі шықты - Теміртау тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев сотталушыны ҚР ҚК 99-бабы «адам өлтіру» бойынша кінәлі деп таныды.
«Сотталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу үкімі шығарылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты.
Сотталушы алғашқы бес жылын толық қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Бұдан бөлек, бала өлтірушіге маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеу шарасы тағайындалды.
Жұмыссыз теміртаулық өзінің қызын тыңдамағаны және елемегені үшін ашуланып, қылмыс жасаған. Ол мас күйінде қызын соққыға алған. Кейін аяғымен мойнынан басқан. Бүлдіршін ауа жетпегендіктен қаза тапқан.