Екі жасқа дейінгі алты баланың бесеуі тойып тамақ ішпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіл әлем бойынша екі жасқа дейінгі алты баланың бесеуі толыққанды тамақтанбайды, ол баланың физикалық және ақыл-ой дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңа баяндамасында белгілі болды.
None
None

Сарапшылардың айтуынша, баланың алғашқы екі жыл өмірінде маңызды құнарлы микроэлементтердің жетіспеушілігі болашақта күрделі денсаулық мәселелеріне әкеп соғады.

«Балалар мен кішкене сәбилер құнарлы микроэлементтерге аса мұқтаж. Адам дамуы тұрғысынан қарағанда  алғашқы жылдар өте маңызды. Егер бала барлық қажетті тағам рационын алмаса, оның ағзасы мен миы толық дамымайды. Және мұнда миллиондаған балалардың тағдыры сөз болуда», - делінген ЮНИСЕФ мәлімдемесінде.

Соңғы 10 жылда балалардың тойып тамақ ішпеу ауқымын елеулі түрде азайта алдық. Алайда, бүгінгі таңда әлемде бес жасқа дейінгі 156 миллион баланың бойы өспей жатыр. Оның үстіне денсаулыққа пайдалы тағам ішпеген 42 миллион бала семіздіктен, артық салмақтан зардап шегуде. 

Соңғы жаңалықтар