Екі жасөспірім 87 зиратты қиратты

ОМБЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Омбы облысында полицейлер Одесский ауданында болған жан шошырлық оқиғаны тексеріп жатыр.

Екі жасөспірім 87 зиратты қиратты

16 және 14 жастағы мектеп оқушылары 87 зиратты қиратып кеткен, деп хабарлады ІІМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметінен.

Аудан орталығындағы болған келеңсіз оқиға жайлы хабар полицияға кеше жергілікті уақыт бойынша 17:20 кезінде түскен. Шұғыл тексеру кезінде қираған ескерткіштер, металл қоршаулары, ағаш кресттер табылды. Жалпы алғанда 87 мәйітке зиян келтірілді.

Полицейлер зираттағы іздер бойынша қылмысқа аудан орталығының кәмелеттік жасқа толмаған екі тұрғынының қатысы болуы мүмкін деген болжам жасады.

16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Екінші күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған.