Екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан 1 жастағы сәби мерт болды
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш-Абай автожолында «Мерседес» және «Фиат» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 1 жастағы нәресте оқиға орнында қаза тауып, 28 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 23.25-те орын алды