Екі жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 7 азамат ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Кеше елімізде орын алған екі жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам қаза тауып, 7 азамат ауруханаға жеткізілді.
None
None

Бұл мәліметті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласының Достық даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Мерседес» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған азамат ауруханаға жетпей көз жұмған.

Ал Алматы облысы Жамбыл ауданының «Алматы-Бішкек» автожолының 105-ші шақырымында «Фольксваген-Пассат» пен «Фольксваген-Гольф» көліктерінің соқтығысуынан 3 адам оқиға орнында мерт болып, 7 азамат ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандардың 2-уі 1997 және 1993 жылы дүниеге келген бозбалалар болса, зардап шеккендердің арасында 2005, 2009 жылы туылған сәбилер бар.

Соңғы жаңалықтар