Екі жол-көлік оқиғасында 13 адам зардап шекті - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА.  Шілденің 29-ы.  ҚазАқпарат -  Өткен  тәулікте  республикада    орын  алған жол-көлік  оқиғаларында 13 адам  зардап шекті,  олардың  ішінде 3   бала бар, 

Екі  жол-көлік  оқиғасында 13 адам зардап  шекті - Төтенше жағдайлар  министрлігі

деп    хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Талдықорғанда  Алматы-Өскемен тас жолында кеше, шілденің 28-інде  түнгі сағат 3-терде  «Тойота»  көлігі  аударылды.   Оқиға салдарынан   жүргізуші мен     бес жолаушы  түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,  олардың  ішінде екі  жасар  бала бар.

Кеше сондай-ақ, сағат 16.28-де Қарағанды қаласында   Шахтерлар  даңғылында    маршруттық  таксидің    жүргізушісі    бағанға  соғылады.   Оқиға салдарынан         көліктегі 10 жолаушының   жетеуі   ауруханаға түскен,  олардың  ішінде  7 жастағы   бала мен 2009 жылы туған   нәресте  бар.