Екі жолаушы Астанадағы көлік кептелісін ретке келтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуесқой автомобильшілер елордада шағынаудандардың біріндегі көлік қозғалысын реттеуге көмек қолын созған белгісіз жандарға рахмет айтып, осы көрініс түсірілген роликті әлеуметтік желіге орналастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жолаушы Астанадағы көлік кептелісін ретке келтірді




«18.12.17  19.45-те «Жастар» дүкенінің маңында  екі үй орамында жарық сөніп қалды. Целинный шағынауданынан бастап Бараев көшесіне дейінгі аралықта бағдаршамдар жұмыс істеген жоқ. Көшеден өтіп бара жатқан бір жігіт пен ер адам нағыз  реттеуші бола білді. Олар көше қиылысындағы қозғалысты жөнге келтірді. Оларға үлкен алғыс!!!», деп жазды ролик авторлары.

Ролик astana.day.kz инстаграмына орналастырылған.