Екі жолаушы пойызы соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан кем дегенде 22 адам мерт болған, 33 адам жарақат алған. Ақпарат агенттіктері 18 адамның ауыр халде жатқаны жөнінде дерек келтіреді.
None
None

Адам өліміне соқтырған апат елдің Пулия аймағындағы Бари қаласында орын алыпты. Билік өкілдерінің хабардар етуінше, пойыздағы жолаушылардың басым бөлігі Бари университетіне бара жатқан студенттер болса керек. Апатты жағдайды тергеп-тексерушілер бір пойыздың жылдамдықты шамадан тыс асырғандығы туралы ақпарат таратты. Сондай-ақ, олар апатқа адам факторы себеп болуы мүмкін деген мәлімдеме де жасады. Бұдан үш жылдай бұрын, 2013 жылы Италия тарихында ірі жол апаты болып, автобустағы 38 жолаушы ажал құшқан еді.

Соңғы жаңалықтар