Екі жолаушылар пойызы қақтығысып қалды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде Американың Чикаго қаласында екі жолаушылар пойызы қақтығысып қалды, кем дегенде 10 адам зардап шекті.

Екі жолаушылар пойызы қақтығысып қалды

Жарақат алғандардың нақты саны хабарланған жоқ, ауруханаға ең азы 10 адам жеткізілді.

Оқиға орнында түсірілген суреттер көрсеткендей, құрамалардың бірінің вагондарының жартысы қираған. Оқиға болған аумақта темір жол көлігінің қозғалысы тоқтатылды, апат себептері анықталуда, деп хабарлайды Утро. ру.