Екі жолаушылар пойызы соқтығысты - екі адам ажал құшты, бірнешеуі ауыр жағдайда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Екі адам қаза тапты.
Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлады.
Оқыс оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Лакхнау қаласында орын алды. Катни қаласынан шыққан жолаушылар пойызы стансада тұрған құраманы соққан. Ауыр жарақаттанған он шақты адам сол маңға жақын жердегі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды РИА "Новости