Екі жыл онлайн оқудың зардабы ондаған жылдарға созылады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім саласының сарапшыларымен кездескен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн оқытуың зардаптары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2 жылда біз ең құнды дүниемізді жоғалттық. Дәлірек айтсақ, пандемия салдарынан білім сапасы құлдырады. Осы уақыт аралығында болған онлайн оқудың зардабы ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Бұл өз кезегінде қылмыстардың көбеюіне, сауаттылық және табыс деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқитын студенттер қатары қысқарды», - деді министр.

Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде ғылыми қызметкерлер тапшы екенін мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар
telegram