Екі жылда 648 млрд теңге проблемалы қарыздар есептен шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда екі жылда 648 млрд теңге проблемалы қарыздар есептен шығарылды. Бұл туралы стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жылда 648 млрд теңге проблемалы қарыздар есептен шығарылды
«2020 жылдан бастап банктер Агенттіктің келісімі бойынша стрестік активтерді азайту жөніндегі жеке жоспарларды әзірлеп, іске асырап жатыр. Екі жыл ішінде 648 млрд теңге проблемалы қарыздар есептен шығарылды», - деді М. Әбілқасымова.

Оның пайымынша, осыған байланысты стрестік активтерді нарықтық негізде одан әрі азайту әлі де өзекті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылдан бастап банк секторын қалыпқа келтіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 6,7 трлн теңге сомасындағы стрестік активтер есептен шығарылды. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгені немесе банк жүйесі активтерінің 6 пайызын құрады.


Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды