Екі жылда алғаш рет мұнай бағасының баррелі 100 долларға жетті
АНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Екі жылдың ішінде алғаш рет мұнай бағасының 1 баррелі 100 долларға жетті, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
Сарапшылардың пайымдауынша, бұл Египеттегі тәртіпсіздіктерге байланысты болып отыр. Инвесторлар халық толқуы Таяу Шығыстың мұнай өндіретін елдеріне таралуынан үрейленуде. Лондон биржасында наурыз фьючерстеріне солтүстіктеңіздік Brent мұнай қоспасының бағасы 101,1 долларға жетті.