Екі жылдан бері Испания экономикасында алғаш өсім байқалды
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Екі жылдан астам уақыт ішінде Испания экономикасында алғаш рет өсім байқалды. Елдің Орталық банкінің мәліметінше, Испания ІЖӨ-сі шілдеден қыркүйек аралығында 0,1 пайызға жоғарылады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Сонымен қатар үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Ішкі жалпы өнімнің қол жеткізген көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,2 пайызға төмен.
2008 жылдан бастап несиелік дағдарыс Испанияның құрылыс саласын әлсіреткен уақыттан бері елдің экономикасы айтарлықтай құлдырады.
Бұл мемлекеттегі жұмыссыздық деңгейі 26 пайызға жетіп, Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш болып саналады.