Екібастұз әкімдігінің алдында 41 жастағы әйелді көлік қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Екібастұз қалалық  әкімдігінің тап алдында 41 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Зардап шегуші емханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұз әкімдігінің алдында 41 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келеңсіз жағдай шаһардағы Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында таңғы сағат 7:30-да орын алған.

«Лада» жеңіл көлігінң жүргізушісі 41 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде», - деді департаментте. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, зардап шегушінің жабық бас сүйек-ми зақымы, желке тұсының қанды ісігі анықталған. Ол Екібастұз емханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.