Екібастұз ГРЭС-2-де бірінші энергоблокты жөнделіп бітті
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кестемен белгіленген мерзімдерде (2016 жылдың 5 шілдесінен бастап 26 қыркүйегі аралығында) №1 энергоблокта трансформатор, генератор және электрқозғалтқыштарды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жоспарланған жұмыс көлемі орындалды. Қазан агрегатының жоғарғы қыздыру беттерін ауыстыру, қосымша жабдықтарды жөндеу сияқты жұмыстар жүргізілді.
«5 шілдеден бастап №1 энергоблок ұзақтығы 84 тәулік күрделі жөндеуден өтуге тапсырылды. Жөндеу бағдарламасы бойынша есертулер жоқ, жұмыс көлемін және аяқтау мерзімін орындап шықтық», - деді Екібастұз ГРЭС-2 жөндеу жөніндегі бас инженері Серікбай Жалиев.
2016 жылғы жөндеу кампаниясы барысында белгіленген қуаты 500 мВт №2 энергоблок ағымдағы жөндеуге шығарылған болатын.
Жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылған кешені энергетикалық жабдықтардың пайдалану мерзімін ұзартуға, энергоблок жұмысының сенімділігін және үнемділігін арттыруға мүмкіндік береді, соның ішінде күзгі-қысқы кезеңде.