Екібастұз қаласы Солнечный кентінде жаңа мектеп салынады
Бұл туралы білім беру басқармасы басшының міндетін атқарушы Жомарт Қарамбаев айтты.
«Павлодар қаласында үш мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізіліп жатыр, - дейді Жомарт Қарамбаев. - Нақтырақ айтсақ, Жетекші ауылында 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп, «Затон» шағын ауданында 350 орындық,«Сарыарқа» шағын ауданында 650 орындық мектеп бой көтереді. Соңғы төрт жыл ішінде облыста салынған жеті мектептің бесеуінде сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі».
Сонымен қатар, Екібастұз қаласында 2015 жылы оқытылуы қазақ тіліндегі мамандырылған көп тілді лицей ашылғаны белгілі. Ведомство басшысының міндетін атқарушы Павлодар қаласында аралас мектептердің қазақ тіліндегі оқытуға кезеңмен ауысуы іске асырылып жатқанын атап өтті.
Мәселен, № 1, № 7 мектептерде оқытылуы тек қазақ тіліндегі сыныптарға оқушыларды жинақтау жүргізіледі.
Білім беру басқармасымен өңірдегі аралас білім беру ұйымдарын 2017-2020 жылдарда кезең-кезеңмен қазақ тіліндегі білім беру ұйымдарына ауыстыру жобасы әзірленген.
Ағымдағы жылы қазақ тілінде білім алатын ұлты қазақ оқушылардың саны 74,3 %-ға артқан.