Екібастұз кеншілері кәсіби мерекелеріне дайындық үстінде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз кеншілері кәсіби мерекелеріне дайындық үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «ЕЭК»АҚ «Восточный» кенішінің 150 астам кеншісін кәсіби мереке -  Кеншілер күнінің 70- жылдығы қарсаңында марапатталды. 
null 

Салтанатты шара көмір өндіруші кәсіпорын аумағында орналасқан Құрмет тақтасының ашылуынан басталды. Оны еңбегімен ер атанған 20 жұмыскердің портреттері көркемдеді. Кейінірек кеншілер үшін көмір өндіруші кәсіпорын көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен салтанатты жиын өткізілді. Одан соң кәсіпорында биыл еңбегімен ерекшеленген кеніш қызметкерлеріне төсбелгі, құрмет грамоталары, алғыс хаттары тапсырылды.

Саладағы бас марапат - «Кенші даңқы» құрмет белгісі 37 кеншіге тапсырылса, «Еңбек даңқы» белгісімен 28 жұмыскер марапатталды. «Көмір өндіруші кәсіпорынның құрметті жұмыскері» атағы 10 кеншіге берілді. «Еңбек ардагері» медалі салтанатты түрде 4 кеншіге  тапсырылды.

Сонымен қатар кеншілер Еуразиялық Топтың (ERG) арнайы марапаттары, олардың ішінде алғыс хаттар мен «Еңбек айбыны үшін» құрмет белгісін алды. Және де кеншілерге Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының әкімдері атынан грамота мен алғыс хаттар, және «ЕЭК» АҚ еңбек ардагері» медальдары тапсырылды. 
null 

«Биылғы жыл кеншілер мейрамы үшін мерейтойлы болды. Міне, көмір өндіру өнеркәсібімен байланысты адамдардың барлығын жаздың соңғы айында кұттықтап жатқанымызға 70 жыл болып қалды. Екібастұз тұрғындары үшін Кенші күні бұрыннан, отбасылары көмір өндіру саласымен байланысты барлық қала тұрғындары бас қосатын,  басты мейрамдардың біріне айналды», - деді «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің директоры Николай Гончаров.

Дәстүр бойынша атқарылған жұмыс қорытындыланып, «Мамандығы бойынша үздік» сайысының жеңімпаздары марапатталды. Осы жылы көпірлі кран машинистері мен ауыржүктасығыш автокөлік жүргізушілері арасында сайыс өткізілді.

«Восточный» зейнеткерлері де назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін Кенші күні қарсаңында мерекелік дастархан жайылды.

Мереке қарсаңында қала тұрғындары үшін «Өнер» қалалық өнер орталығында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ән шырқайды, ал кешке мерекелік отшашу өткізіледі.
null 

Соңғы жаңалықтар
telegram