13:43, 22 Ақпан 2018 | GMT +5
Екібастұз көшелерінде «маньяк» жүргені туралы хабар тарап жатыр
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - «WhatsApp» мессенджері арқылы тараған Экібастұздағы «маньяк» туралы хабарламаны жергілікті полицейлер жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Қала тұрғындары бірнеше күн қатарынан бір-біріне Екібастұз қаласында әйелдерге шабуыл жасайтын қауіпті қарақшының жүргені туралы хабарламалар жіберген.
««WhatsApp» арқылы тараған әңгіме шындыққа жанаспайды. Аталған факті бізде тіркелген, жалған ақпарат таратқан адамді іздеп жатырмыз»,-деді жергілікті ІІД баспасөз орталығында.
Сонымен қатар, полицейлер Екібастұз қаласының тұрғындарын жалған хабарлама таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.