Екібастұз маңында істен шыққан автобустан 10 жолаушы құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қызылорда - Павлодар» бағытындағы республикалық маңызы бар жолда жолаушылар көлігінде болған 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ТДЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз маңында істен шыққан автобустан 10 жолаушы құтқарылды

Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобус  Екібастұз қаласының жанында  істен шыққан.

"Бүгін таңғы сағат бестің кезінде оларға жедел құтқару жасағынан екі адам және бір техника көмек көрсетті. Жолаушылар Екібастұз қаласының сапаржайына жеткізілді", - деді  департаментте.

 Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жауын-шашынсыз, сынап бағаны климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады. Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.