Екібастұз - Павлодар тас жолында үш КамАЗ соқтығысты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы Екібастұздан он шақырым жерде орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Екібастұз - Павлодар тас жолында үш КамАЗ соқтығысты

«Жол апаты бүгін түнгі сағат үш шамасында Екібастұз - Павлодар тас жолында орын алды, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті. – Бір КамАЗ істен шығуына байланысты жолдың жиегіне тоқтап, екінші КамАЗ жүргізушісі оған көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Үшінші КамАЗ жол жиегінде тұрған екі үлкен жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір апат орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде».
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 1982 жылы туған ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бел аймағының соққысы диагнозымен Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылған.