Екібастұзда 75 метр биіктіктен құлаған ер адам сектада тұрған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласы Солнечный кентінде 33 жастағы ер адамның өліміне қатысты жүргізілген тергеу нәтижесінде қайғылы оқиғаның еңбек жағдайымен байланысты болмағаны анықталған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұзда 75 метр биіктіктен құлаған ер адам сектада тұрған

Мемлекеттік инспектор Абылай Сабыровтың айтуынша, арнайы құрылған комиссия жұмысшылар арасында тексеріс жүргізіп, дәнекерлеуші "МАЭС-2" станциясында 75 метр биіктіктен өздігінен секіріп кетті деген қорытынды шығарған.

«Биік мұнараға шығу оның міндетіне кірмеген, - дейді мемлекеттік инспектор. - Өндіріспен еш байланысы жоқ. Бұл - суицид».

Әріптестерінің айтуынша, ер адам "Орден Храма Солнца" сектасының құрамында болған. Бұл сектаның негізгі ойы - өлім деген адамның қиялы-мыс. Сондықтан өз-өзіне қол жұмсау арқылы бірбеткей жанкештілер басқа әлемде қайта дүниеге келеді.