09:25, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
                                        Екібастұзда 9 қабаттық тұрғын үйдегі пәтер өртенді, 1 адам зардап шекті - ҚР ТЖМ
                                            АСТАНА. 23 наруыз. ҚазАқпарат - Екібастұзда 9 қабаттық тұрғын үйдегі пәтер өртенді, 1 адам зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
                                        
                                        
                                     
                                              22 наурыз күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі, 64 «Б» мекен-жайында орналасқан 9 қабаттық тұрғын үйдің бір пәтері отқа оранды. Жалын 8 шаршы метрді шарпыды. ТЖ салдарынан 1975 жылғы ер адам ысты газға уланып, ауруханаға жеткізілді.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 9 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.