Екібастұзда апиын дайындаған әйел туған күнінде қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қалалық соты өз қолыман апиын дайындаған 33 жастағы Анастасия Сырбты алты жылға бас бостандығынан айырды.

Екібастұзда апиын дайындаған әйел туған күнінде қамауға алынды

 Іс материалындағы деректерге сүйенсек, қалалық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері "қылмыстық іс-әрекетті қолдан жасау арқылы" әйелдің ізіне түскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Облыстық соттың баспасөз мамандарының мәліметінше, полицейлер Настяның мекенжайын анықтап, оның қылмысын дәлелдеу үшін бір жас жігітті сатып алушы ретінде жіберген. Өзін Дмитрий деп таныстырған ол кездесу барысында жазу құрылғысын пайдалана отырып, қыздың экстракциялық апиын дайындайтынын анықтаған. Ер адам оның үйіне екінші рет келгенде ақша қалдырып, есірткі бар шприцтерін сатып алады. Ол кезде Анастасия өзінің туған күніне келетін қонақтарды күтуге дайындалып жатқан. Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Үйге жастар енді жинала бергенде полицейлер кіріп келген.

«Әйелге есірткі заттарын заңсыз дайындап, сатумен айналысты және сақтады деген айып тағылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленді. Шығарылған үкім заңды күшіне енді. Қылмыскер жалпы режімдегі колонияды жазасын өтейді. Сонымен қатар мемлекетке 97 мың теңге төлеу міндеттелді», - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Айгерім Сүлейменова.