Екібастұзда автобустардың жолақысы қымбаттамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұздағы қоғамдық көліктердің жолақысы 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.

 Екібастұзда автобустардың жолақысы қымбаттамақ

Агенттікке қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Габдолла Бейсекеев хабарлағандай, автобустардағы жол ақысы 2014 жылдың шілдесінен бері көтерілмеген.

«Дизель отыны, жанар-жағармай және көлік бөлшектері бағаларының өсуіне байланысты жолақыны 10 теңгеге арттыру қарастырылуда. Негізінде тұрғындарды тасушылар 70 теңгеге жеткізуді сұраған еді. Бұл сұрақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жыл бойғы күн тәртібінде тұрған болатын, - дейді Габдолла Бейсекеев.

Айта кетейік, Павлодар қаласында қоғамдық көліктердегі жолақысы 80 теңгеге дейін өскен болатын. Екібастұз қалалық әкімдігінің мәліметінше, 1 ақпаннан бастап студенттер үшін автобустардағы жолақысы 50 пайызға арзандайтын болады.

Сонымен қатар, ақпанынан бастап екібастұздық полиция өкілдері қызмет бабымен жүрген жағдайда қызметтік куәлігін көрсету арқылы қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болмақ. Алдағы күндерде жауапты тасымалдаушылармен тиісті меморандумға қол қойылады.