15:02, 26 Шілде 2023 | GMT +5
Екібастұзда автогаз құю бекеті өртенді, жалынның үйлерге тарау қаупі бар
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұзда автогаз құю бекеті өртенді, жалынның үйлерге тарау қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«26 шілде, сағат 13:24-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесі, 5 мекенжайында автокөліктерге газ құю бекетінен өрт шықты, 4 цистерна ашық жалынмен жанып жатыр. От жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты.
Өрттің көрші ғимараттарға өту қаупі бар. Жеке үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан.
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталуда, өртті сөндіру жалғасуда», - делінген ТЖД мәліметінде.