23:49, 03 Сәуір 2023 | GMT +5
Екібастұзда бір жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екібастұзда өткен жылдың қазан айына жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«2 сәуір сағат 17.20 шамасында Екібастұз қаласындағы «Союз» саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналда 1988 жылы туған қала тұрғынының мәйіті табылды. Ер адам 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен болатын. Оның денесінен зорлық белгілері табылмады. Оқиға орнынан жоғалған адамның атына рәсімделген смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы табылды.
Мәйітті әкесі таныды.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр»,-делінген хабарламада.