Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Апат салдарынан жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұзда екі көлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында Пішембаев – Қазбек Нұралин көшелерінің қиылысында Mitsubishi көлігі мен «Газель» автокөлігі жол апатына ұшыраған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алды. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жатқызылды», - деді департаментте.

Автомашиналар мамандандырылған тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.