Екібастұзда мас мұғалім адам өліміне себепші болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қалалық соты ҚР ҚК-нің 346-бабы 4-бөлігі бойынша орта мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Сот сараптамалары көрсеткендей, 2017 жылдың 17 мамырында жүргізу куәлігінен 3 жылға айырылғанына қарамастан, азаматша И. мас күйі рульге отырып, жыраға аударылған. Оқиға салдарынан автомобильдегі жолаушы ауруханаға жеткізіліп, жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған  әрекеті үшін қатты өкінетінін мәлімдеді»,-деп хабарлады жергілікті соттың баспасөз қызметінен.

Қаза тапқан жолаушының ағасы сотталушы И. оның қарындасымен бала кезінен жақын араласатынын айтып, соттан оның жазасын жеңілдетуді сұрады.
«Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай көлемінде бас бостандығынан айыру және 7 жылға дейін көлік басқару құқығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК 63-бабына сәйкес, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты жаза ретінде саналсын», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Фото: static.ngs.ru

Соңғы жаңалықтар