Екібастұзда мереке қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұзда отбасыларға жаңа пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұзда мереке қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, шаһардағы Торайғыров көшесі, 114/1 мекенжайы бойынша жаңа үй пайдалануға берілді.
- 72 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оның ішінде 18 көп балалы отбасы 3 бөлмелі пәтерге кірді. 36 отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталса, 18 отбасы 1 бөлмелі баспанаға қол жеткізді. Баспаналы болғандар қатарында 16 жетім бала бар, - деді әкімдікте.

Жаңа үйдегі 3 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 70 шаршы метрден асса, 2 бөлмелісі 56 шаршы метрді, 1 бөлмелісі 40 шаршы метрді құрайды.
Сондай-ақ әкімдікте бірінші жарты жылдықта тағы 72 отбасы баспаналы болатынын атап өтті.