Екібастұзда мылтықты заңсыз сақтаған жесір әйелге айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз тұрғыны тіркелмеген мылтықты сақтағаны үшін 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екібастұзда мылтықты заңсыз сақтаған жесір әйелге айыппұл салынды

«39 жастағы әйелдің тұрғылықты мекен-жайынан тіркелмеген мылтық табылды. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, бұл қайтыс болған күйеуінің қаруы екенін түсіндірді», - деп хабарлады Екібастұз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотынан.

Сот қаулысымен әйел айыпты деп танылып, оған 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Айғақ дәлел тәркіленіп, жойылды», - деп қосты соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.