Екібастұзда өртеніп жатқан пәтерден 52 жастағы әйел құтқарылды
ЕКІБАСТҰЗ ҚазАқпарат – Павлодарлық өрт сөндірушілер өрт сөндіруге келіп, кіреберістен ес-түссіз жатқан әйелді тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылдың 9 қарашасында сағат 22:22-де «101» нөміріне Екібастұзда өрт шыққаны туралы хабар түскен», - деді журналистерге Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өңірлік ТЖД мәліметі бойынша, бес қабатты пәтердің төртінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздар мен үй заттары жанып жатқан. Өрт сегіз шаршы метр аумақты қамтыған.
«Аға инженер Бибек Айдын мен аға өрт сөндірушілер Қалыбаев Дамир, Қасенов Дидар кіреберістен ес-түссіз жатқан 1969 жылғы әйелді құтқарды. Ол кейін Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп атап өтті құтқарушылар.

Осы үйдің баспалдағынан екі адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін он адам, соның ішінде екі бала өздігінен шығып үлгерген. Өрт 22:54-те ауыздықталды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген зақым анықталып жатыр, деп атап өтті ТЖД-дан.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам және 4 техника тартылды.
