Екібастұзда республикалық ақындар айтысы өтті

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұздағы «Өнер» қалалық мәдениет сарайының кіші залында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыр додасын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Атамұра» мәдениет орталығы Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Айтыста Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Екібастұз қалаларының және Баянауыл ауданының ақындары бақ сынады.


Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қуаныш Шарманов жеңіп алып, 700 мың теңгені қанжығасына байлады. 1-орынды Аспанбек Шұғатаев, 2-орынды Нұрғанат Қайрат, 3-орынды Нұрсұлтан Рымбай иеленді.

Сондай-ақ Тілек Сейітов – Жүрсін Бәтенұлы атындағы арнайы жүлдені, Абзал Қабдраш – Түсіпхан Қасымжанұлы атындағы арнайы жүлдені, Рауан Қайдаров – Алмагүл Жүгінісова атындағы арнайы жүлдені еншіледі.
Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар