Екібастұзда шенеунік оралмандарға 6 млн теңгенің жерін заңсыз сатқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұзда жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкері жер телімдерін заңсыз бергені үшін 3,5 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат.

Екібастұзда шенеунік оралмандарға 6 млн теңгенің жерін заңсыз сатқан

Екібастұз қалалық соты жер телімдерін заңсыз үлестірді деген факт бойынша жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 35-тен аса азаматқа (көбі Моңғолиядан келген қазақтар) жер телімдерін заңсыз сатып, оларға 6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу кезінде өз кінәсін мойындау туралы келісімге келді. Сот Б. есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакцияда) 314-бабы 1-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігі  «г» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, ҚК 63-бабын қолдана отырып, 3,5 жылға шартты түрде соттады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.