Екібастұзда су құбыры жарылды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Екібастұзда тағы да төтенше жағдай болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 30 желтоқсанда сағат 16:00 кезінде «қалалық су арнасы» МҚК су тазалау құрылғылары орналасқан аумақта мекеме қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда (топырақтан су шығып жатқан) техникалық су жүйесінің диаметрі 500 мм болатын (пластикалық құбыр, ЖЭО-ға сағатына 700 тонна су жіберуге арналған) бөлігіне зақым келген.

Соның салдарынан ЖЭО-ға су бармай қалған. Қазіргі таңда су диаметрі 150 мм болатын ауызсуға арналған құбыр арқылы (сағатына 150 тонна) жіберіліп жатыр.

ЖЭО-ға су жіберетін ыдыстағы судың деңгейі 50 метр. Оқиға болғанға дейін 6,5 метр (6 500 текше метр) болған. Жүйеде болған апат салдарынан ыдыстардағы су деңгейі 2 сағатта 1 метрге төмендеп бара жатыр. Оқиға болғанға дейін жылу желісіне жіберілетін су көлемі сағатына 600-700 тонна болса, қазіргі таңда ол сағатына 600 тонна болып отыр.

Жылу мен су қазір штаттық жағдайда беріліп жатыр. «Қалалық су арнасы» мекемесі және Төтенше жағдайлар департаментінің күштерінің көмегімен су сорғытылып, ағып кететін жерлері бекітіліп жатыр. Бұл жұмыстармен 20 адам, 2 техника және 4 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына қала әкімді мен Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары шықты.


Фото: abetterplumber.com


Соңғы жаңалықтар