Екібастұзда тағы бір жылыжай ашылуы мүмкін
Аталмыш кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттары микротыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау құралдарын сату болып табылады.
Аймақ басшысы ресейлік кәсіпкерлерге жылыжайды Екібастұз қаласының жанындағы №1 ҚАЭС-тың аумағында орналастыруды ұсынды. Станцияда өндірілетін арзан электр және жылу энергиясы кәсіпорынға жылыжайды техникалық шарттармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
«Қазіргі кезде станцияда 25 Гигокалория қуат көздері бар. 1 кВатт құны 8 теңгені құрайды. Бұл ТМД елдері бойынша ең арзан баға», - деді облыс әкімі.
Ресейлік компанияның өкілдері көмірсутектің диоксидін алу мәселесі де мазалайтынын жеткізді.
Аймақ басшысы оларға Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін көмірқышқыл газын сатып алуды ұсынды. Келіссөздер нәтижесінде тараптар Екібастұз станциясының жанынан жылыжай құрылысын бастау туралы келісімге келді.
Облыс әкімі инвесторларға қолдан келетін көмектің бәрін көрсетуге уәде берді.