17:27, 26 Ақпан 2018 | GMT +5
Екібастұзда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен ашылады
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Таяуда Екібастұз қаласында тұрмыстық-қатты қалдықтарды сұрыптау кешені ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Тұрғын үй аулаларына қоқыс жинауға арналған арнайы жәшіктер қойылмақ. Жиналған қоқыс сұрыптауға жіберіледі.
Қаладағы экологиялық ахуалды түзету жұмыстарымен коммуналдық өнеркәсіптер айналысады.
«Шыны, қағаз, пластик қалдықтарды сұрыптаймыз. Ештеңеге жарамайтын қалдықтарды жағып жіберуді жоспарлап отырмыз»,-дейді «Экибастузкоммунсервис» ЖШС директоры Серік Сәдуақасов.
Оның айтуынша, қоқысты полигонға көму көлемін азайту керек. Қажетті құрылғыларды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған.