Екібастұзда жанып жатқан пәтерден үш адам құтқарылды

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Барлық зардап шеккендер ес-түссіз жатқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Екібастұзда жанып жатқан пәтерден үш адам құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте 20 сағат 23 минутта № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Екібастұздағы Ломоносов көшесі, 15 мекенжайы бойынша пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу кезекші өрт сөндірушілер тобы жіберілді.

- Олар келгенге дейін 20 адам өз бетінше шығып үлгерген. Оның ішінде алтауы – бала. Өрт сөндірушілердің көмегімен 10 адам эвакуацияланды. Тексеру Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметі бесінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің есігі жабық тұрғанын анықтады. Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен темір есікті ашып, 1975 жылы туған ер адамды ес-түссіз күйде еденнен тауып алды, - дейді департаментте.

Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері тағы екі адамды анықтады. Залда ес-түссіз күйде жатқан 1991 жылы туған әйел мен 1977 жылы туған ер адамды таза ауаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.