Екібастұзда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында жол апаты салдарынан 29 жастағы жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«1 шілде күні сағат 19.40-та «Город-КП Батыр» автожолынан екі шақырым қашықтықта «Ваз 21144» маркалы автомашинасы мен «ПАЗ» маркалы автобус соқтығысқан. Абырой болғанда, ішінде жолаушылар болмаған, - дейді департаментте.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ваз 21144» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі жарақаттармен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш факті тіркелген. Сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіледі.