19:06, 17 Мамыр 2019 | GMT +5
Екібастұзда жолаушылар автобусы өртенді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында «Союз» саяжай қоғамының учаскесінде жолаушылар көлігі отқа оранды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Сағат 10.53-те кезекшілік бөліміне 1987 жылғы «Неоплан» көлігінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Автобустың мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдары жанып, қызыл жалын салонның сегіз шаршы метрін шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Көліктің ішінде жолаушылар болмаған», - дейді департаментте.
Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қазіргі таңда тілсіз жау салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда. Екібастұз қаласының № 32 өрт сөндіру бөлімінен төрт адам мен бір техника жалынды сағат 11.42-де сөндірген.
Иллюстрациялық фото