Екібастұзда жүкті әйел мектеп оқушыларын тонаған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында полиция қызметкерлері екі жас әйелді ұстады, олар кәмелетке толмаған балаларды тонаумен айналысып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

Екібастұздың тәртіп сақшылары қаланың 22-24 жас аралығындағы еш жерде жұмыс істемейтін екі тұрғынын ұстады. Олар кәмелетке толмаған балаларды тонаумен айналысып келген, деп хабарлайды Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің бірінің аяғы ауыр, ал екіншісі екі жасар бала тәрбиелеп отыр. Қаскөйлер балаларға келіп, оларға дөрекі сөйлеп, «Неменеге қарап тұрсың?», «Неменеге күлесің?» деген сөздер арқылы психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, әбден үрейленген оқушылардың алтын әшекейлері мен қалталы телефондарын тартып алған.

Балалардан тартып алынған заттарды олар бірден ломбардқа өткізіп, телефондарды сатып жіберіп жүрген. Үш күн ішінде қарақшылардан 3 кәмелетке толмаған жасөспірім зардап шеккен. Олардың үшеуі де бастауыш сынып оқушылары. Тонау әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыс жасады деп күдік келтіріліп отырғандар қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар