14:28, 01 Тамыз 2017 | GMT +5
Екібастұздағы өрт: 17 адам құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп көшесі 37 мекенжайында көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, 17 адам сыртқа шығарылды.

Бұл туралы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
« Екі бөлмелі пәтердегі электрқалқанында сымдар тұйықталып, салдарынан от шыққан. Пәтер иелері бұл үйді сауда нүктесіне айналдырған, сондықтан негізінен дүкен жабдықтары отқа оранды. Оқыс жағдай кезінде № 14 және 32 өрт бөлімдерінің мамандары жұмыс жасады. 17 адам құқарушылармен бірге сыртқа еріп шықты. Олардың бесеуі - балалар. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда», - деді ТЖД мамандары.