Екібастұздағы өрт: 7 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон өртке оранып, құтқарушылар жеті адамды ажалдан аман алып қалды, оның екеуі - бала.

 Екібастұздағы өрт: 7 адам құтқарылды

 Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Оқиға таңғы 4:41 шамасында орын алған», - дейді мамандар. - Беркімбаев көшесі, 95 мекенжайындағы үйдің алтыншы қабатында екі бөлмелі пәтердің балконы өртеніп, ескі ағаш заттар жанған. Қызыл жалынның аумағы төрт шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер алтыншы қабатқа саты орнатып, жеті адамды құтқарды, оның екеуі бала болған. Айта кетейік, өрттің шығу себебі қазіргі уақытта анықталу үстінде.