Екібастұздағы «Шығыс» разрезінде циклды ашық арналы кешен желісінің іске қосылуы көмір өндіру деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді
АВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстанда «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ құрамына кіретін Екібастұздағы «Шығыс» разрезінде алғашқы циклды ашық арналы кешен іске қосылды.
ТМД-дағы механикаландырылған тау-кен кәсіпорнында былтырғы жылы 20 млн. тоннадан астам отын алынған болатын.
Жаңа кескін бойынша, 150 метр төмендіктегі экскаваторлар тау кенін жүкті өздігінен көтеретін «Komatsu» үлкен машиналарына тиейді, олар осында орналасқан, ауаға шаң-тозаңды аз шығаратын құрылғылармен қамтамасыз етілген кешенге алып шығады. Жалпы ұзындығы алты шақырым болатын конвейерлер жүйесі өнімді сыртқа, үйіндіге шығарады.
«Жаңа технологиялар қазба жұмыстарының көлемін жылына он млн. текше метрге дейін жеткізе алады. Бұл кәсіпорынның болашақта дамуына, көмір қазбасының қуаттылығын тұрақты өсіруге мүмкіндік береді», - дейді ЭЕК президенті Әбдіәзім Рүстембаев.
Аймақтың индустрияландыру картасына кірген жобаны жүзеге асыру үшін акционерлік қоғам тоғыз млрд. теңге көлемінде инвестиция салған.