Екібастұзды дамытудың стратегиясы керек - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы моноқалаларды дамытудың орта мерзімді стратегиясы керектігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екібастұзды дамытудың стратегиясы керек - Президент

«Екібастұзда энергетика мен өнеркәсіп саласында білікті техникалық мамандар өте көп. Осыған дейін жинақталған кадрлық әлеуетті жоғалтуға жол бермеу керек. Сондықтан Екібастұзды дамытудың орта мерзімді стратегиясы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Осындай талаптар өзге де моноқалалар үшін өзекті. Үкімет бұл мәселені жекелей қарастырып, пысықтауы тиіс. Атап айтқанда, Үкімет бұл бағыттағы жұмыстарды лайықты деңгейде еңсереді деп ойлаймын»,- деді Мемлекет басшысы.