Екібастұзды көмірге тәуелділіктен арылту жоспары таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында Екібастұз қаласының экономикасын әртараптандыру жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кешенді жоспардың негізгі мақсаты – көмірге сұраныстың азаюы жағдайында қала экономикасын жан-жақты әртараптандыру. Біріншіден, жеке инвесторлар үшін индустриялық аймақ құрылады. Осыған әлеуетті жобалар пулы да бар. Екіншіден, жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қажетті қуаттармен қамтамасыз ету үшін 2 энергия блогын салу керек.

Үшіншіден, көмір өндірісін одан әрі дамыту үшін көмір химиясы ғылыми-зерттеу орталығын құру көзделген», - деді аймақ басшысы.

Әкімнің айтуына қарағанда 2025 жылға дейінгі кешенді жсопарда индустриялық аймақ құру және ірі өнеркәсіптік жобаларын іске асыру көзделген. Соның арқасында өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 4 есе өсіп, өндіріс көлемі 1 трлн теңгеден асуы керек.


Соңғы жаңалықтар