Екібастұздықтар Қызылағашта су тасқынынан зардап шеккендер үшін 15 млн. теңгеден астам қаржы жинады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қайырымдылық шотына Екібастұз тұрғындарынан 15 млн. теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Қаражат жинауға еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер белсене қатысты. Қала құраушы кәсіпорындар - «Богатырь-көмір» және «Восточный» разрездері, «Екібастұз ГРЭС-1», «КЕГОК» филиалы қомақты үлес қосты.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері зардап шеккен Қызылағаш тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударды.

Энергетиктер мен көміршілер қаласында қаржы жинау одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар