Екібастұздың 55 жылдығына арналған абаттандыру айлығы басталды

ПАВЛОДАР. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Екібастұзда қаланың 55 жылдығына арналған абаттандыру  айлығы басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Екібастұздың 55 жылдығына арналған абаттандыру  айлығы басталды

Айлықты өткізу жөніндегі бастаманы «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шығыс» разрезі, Екібастұздық ГРЭС-1 және ГРЭС-2 стансасы, «КЕГОК» АҚ мен «Қазақстан Темір жолы» АҚ кәсіпорны қолдады.

 Өткен жұмада кәсіпорындардың ұжымдары кеңселеріне, қала саябақтары мен көшелеріне тиесілі учаскелерді тазалады.

 Екібастұзда қалалық жаппай сенбілік 21 сәуірге белгіленді.