Екіқабат әйел 28 сантиметрлік семсерді жұтты - ФОТО/ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас тұрғыны Вероника Хернандез «семсер жұтушы» болып қызмет атқарады. Ол бұл кәсібін екіқабат болса да тастамады. Америкалық әйелдің айтуынша, ол адреналин үшін бәріне де барады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Төменде көрсетілген видеода екіқабат Хернандез 28 сантиметрлік қылышты жұтып, ақырындап оны аузынан шығарып жатқаны бейнеленген. Жанкешті әйелдің айтуына қарағанда, ол жаттығу кезінде арнайы жүзі бар семсерлерді пайдаланады екен, ол енді-енді дүние есігін ашқалы отырған балаға зиянын тигізбейтін көрінеді.